Ұлыбритания үкіметі 23 ресейлік дипломатты елден шығарғаннан кейін, Мәскеу билігі де қарымтасын қайтарды. Кремльдің шешімімен 23 британиялық дипломатты елден шығаруға бұйрық берді. Естеріңізде болса, Ұлыбритания үкіметі «ресейлік агентке аса улы затпен қастандық жасау» ісіне Мәскеуді айыпты деп тауып, Ресей дипломаттарын елден қуған болатын. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Ресейдің Сыртқы істер министрлігі сол елдегі Британия елшісін шақыртып, аталған шешіммен таныстырды және британиялық дипломаттардың Ресейден шығып кетуіне бір апта уақыт бергенін жеткізді. Ресей СІМ-нің жасаған мәліметінде: «Бұл қадам – Британияның Ресейді негізсіз айыптауы мен біржақты провакациясына берген жауабымыз», – делінген.
Ресей СІМ-інің мәлімдемесінде Ұлыбританияның Петербордағы бас елшілігінің өкілеттілігі жойылатыны айтылған. Оған қоса мәдениет пен білім саласындағы алмасуларды ұйымдастырып келген Британдық кеңес (British Council) жұмысын тоқтатуы керек екенін алға тартты.
Өткен бір аптада Ұлыбритания мен Ресей арасындағы қайшылық «Қырғи қабақ соғыс» аяқталғаннан бергі ең төменгі көрсеткішке жетті. Ұлыбританияның лауазымды тұлғалары жұма күні: «Ресей президенті Владимир Путин бұйрық беріп, Сергей Скрипаль мен оның қызына қастандық жасады, қазір бұл екі адамның халі тым ауыр жағдайда», – деп мәлімдеді. Осыдан кейін Ұлыбритания үкіметі шешім шығарып, 23 ресейлік дипломаттан аралды елден шығып кетуді талап еткен.
Бұған қоса Британияның қауіпсіздік ұйымдары мен арнаулы департаменттері қосымша шараларды қабылдау мақсатында жиналыс ашқанын мәлімдеген.
Бұл Ресей мен Батыс арасының тіпті де алшақтап, Ресейге қаратылған санкция қысымының тіпті де арта түсетінін көрсетеді.