Ресей қарулы күштерінің жоғары лауазымдысы АҚШ-тың Башар Асад үкіметінің бақылауындағы аймақтарға әуе шабуылын жасауға дайындалып жатқанын мәлімдеді. Сонымен бірге, АҚШ-тың бұл әрекеті ондағы ресейлік қарулы күштерге қатер төндіретін болса қарсы шабуыл жасайтынын айтты. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігінің сайты жазды.
Аталған мәлімдемені Ресей Бас штаб басқарамасының төрағасы Валерий Герасимов жасаған. Ол Дамаск қаласында және Башар Асад режимі бақылауындағы орындарда Ресейдің әскери кеңесшілері, Сүриядағы тараптарды келістіруші ресейлік лауазымдылар және қауіпсіздік қызметкерлері бар екенін айтты. Герасимов АҚШ-қа қатаң ескерту жасап, ресейлік азаматтарға қауіп төнген жағдайда қарсы шабуыл жасайтынын айтты.
Ресей әскери шендісінің сөзінде, керек кезінде АҚШ-тың қолданатын зымырандарын және зымыран тасушы көліктерінің де көзін құртатынын айтады.
Осыдан бұрын, Сүрия режиімі химиялық қаруды қолдануы қайталаса, әуе шабуылы арқылы Башар Асадқа соққы беретінін айтқан.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі