Өзбекстан билігі елде спортқа қосымша қолдау көрсететін кәсіпорындар тізімін бекітті. Сонымен алкоголь және темекі өнімін өндірушілер дене шынықтыру мен спортты дамыту қорына міндетті аударымдар жасайтын болды.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев аударылатын қаржы көлемін арнайы қаулымен бекіткен. Қаулы бойынша, өндірушілер төлейтін сома сатылған өнім көлеміне байланысты болады.
Сонымен сыра өндіретіндер 1 декалитр өнім сатқан жағдайда қорға (10 литр) шамамен 2000 мың сум (0,24 доллар), арақ өндіретіндер 5000 сум (0,6 доллар) аударатын болады. Ал темекі өндіретін кәсіпорындар мың қорап темекі сатылса 1000 сум көлемінде (0,12 доллар) қаржы аударады.
Жоғарыда аталған қор Өзбекстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт министрлігі жанынан құрылды. Негізінен қор мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Биыл мемлекет қазынасынан спортты дамытуға 20 млрд сум (2,45 млн доллар) қаржы бөлінген.
Сондай-ақ, қор қайырымдылық ұйымдары, жеке кәсіпкерлер, жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде Өзбекстан резиденттері емес демеушіліктер арқылы қаржыландырылады.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр