Ресей президенті Владимир Путин Сүрияның Шығыс Гута анклавында "гуманитарлық дәліз" салуды бұйырды, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
Елдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу "нақты орналасатын жері жақында белгілі болатынын" мәлімдеді.
Бұл аймақ 1 аптадан астам уақыт сүриялық әскердің шабуылдарына көз ашпай келеді. Өткен демалыста БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бірауыздан "1 айға шабуылды тоқтату керек" деп дауыс берді.
Бірақ шабуылдар әлі күнге дейін бәсеңдеген жоқ. Ал жергілікті тұрғындар БҰҰ-ның ешнәрсе істей алмағанына наразылығын білдіруде.
Сүрия президенті Асадтың режимін Ресей қолдайтын ел болғандықтан, сол себепті ресейліктер Сүриядан шабуылды тоқтатуды талап ете алады. Тіпті "гуманитарлық дәліз" салу кезінде күнделікті таңғы сағат 9-дан түнгі 02-ге дейін жергілікті халыққа "есін жинауға" уақыт берілмек.