Сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Мәскеуде болған ұшақ апатында қаза болған ресейліктерге көңіл айтып, Путинге арнайы қоңырау шалған еді. Осы қоңыраудан бір күн кейін АҚШ-тың Флорида штатында мектепке қарулы шабуыл жасалып 17 адам қаза тапты. Кеше Ресей президенті Ақ үйге жедел хат жолдап, қайғылы оқиғаға байланысты қайыра көңіл айтты. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды.
Жедел хатта Ресей президенті қарулы шабуылдан қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, қайғысына ортақтасатынын және зардап шеккендердің ертерек қалыпты өмірге қайтып оралуына тілектес екенін білдірген.
Ақ үйдегі президент кеңсесіне Дональд Трамп келгелі бері оның Ресей президентімен жақын қарым-қатынаста болғысы келетіні анық байқалады. Қазіргідей АҚШ-Ресей қатынасы тарихтағы ең бір салқын күйінде тұрған уақытта, екі ел басшысының өзара қандайда бір сылтау тауып, бір біріне хабарласуы екі елдің дипломатиялық байланысын ұстап тұрған нәзік тетіктің бірі.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?