Қытай Орталық Комитетінің инспекция жөніндегі орталық комиссиясы сейсенбі күні хабарлама жасап, бұрынғы Орталық Комитет үгіт-насихат департаментінің вице-министрі Лу Уейді (Lu Wei) Қытай Коммунистік партиясына сатқындық жасады деген айыппен, қызметтен қалдырылғанын және партиядан шығарылғанын мәлімдеді. Оның барлық мал-мүлкі тәркіленіп, оған қатысты барлық істі Қытайдың жоғары дәрежелі тәртіп тексеру органдары тергемек. Бұл туралы «People» және «WSJ» басылымы хабарлады.
Биыл 58 жастағы Лу Уей(Lu wei)2017 жылдың қараша айында комиссияның тексеруін қабылдаған. Сейсенбі күнгі мәлімдемеде Лу Уейдің қылмысы тұрақтандырғанын айтты. Бұдан сырт, Қытай Орталық Комитетінің 8 түрлі ережесіне қайшылық жасағанын, билігін асыра пайдаланған, көңіл ашу орындарында көп бой көрсетті және тергеу кезінде жалған мәліметтер берді деген секілді айыптар тағылған.
Басылымның тілшілері Лу Уеймен хабарласу мүмкіндігіне қол жеткізе алмаған. Оның үстіне оның өз құқығын қорғау үшін заңгерлермен жұмыс жасауына Қытай орталық үкіметі кедергі болатыны анық. Соңғы бірнеше айда ол туралы көрген-білген лауазымды тұлғалар жоқ. Сондықтан, ол біраз уақытқа сұраусыз қамауда отырған болуы мүмкін.
Лу Уеймен қатар Қытай үкіметі тағы бір жоғары лауазымдысын жемқорлық айыбымен қолға алған. Мәліметтерге қарғанда, жемқорлықпен айыпталған Сүн Жыңцайды (Sun Zhengcai) осыған дейін Қытай үкіметі жоғары лауазымдылар арасында Ши Жинпиңнан кейін ҚХР төрағасы болу мүмкіндігі ең жоғары адам деп танылып келген.
Қытай үкіметінің бұл қадамдары алдын-ала жоспарланып қойғаны анық болып отыр деп жазды «WSJ» басылымы. Себебі, Қытай билігі бұл екі лауазымдыға аталған күдіктердің тағылғанын осыдан екі ай бұрын айтып қойған. Аталған екі лауазымды да Ши Жинпиңның билігінің алғашқы бес жылында маңызды міндеттерді атқарған. Ал, былтыр қазан айындағы үкімет құрамының жаңалануынан кейін Ши Жинпиң өз командасынан бірқатар адамдарды шеттетті.