АҚШ-тың Флорида штатына қарасты Паркланд қаласындағы орта мектепте, сәрсенбі күні атыс оқиғасы туылып, 17 адам қаза тапты. Бұл туралы BBC-дің онлайн қызметі хабарлады.
Жергілікті полиция тараулары 19 жастағы Николас Крузды күдікті деп тапты. Ол осыдан бұрын аталған орта мектепте оқыған, тартып бұзғаны үшін мектептен қуылған екен. Қауіпсіздік қызметкерлері Крустың мектеп сыртында үш адамды өлтіріп, кейін мектеп ғимаратына басып кіріп 12 адамды атып өлтіргенін, шабуылда атыс қарун қолданғанын айтып берген. Жараланғандардың екеуі ауруханада жан үзген. Шабуылдан түрлі жарақат алған 17 адам ауруханаға жеткізілген.
Полиция қызметкерлері оқиғаның себебі мен барысына қатысты тексеру операциясын аяқтап болмады.
Бұл оқиға Коннектикут штатындағы мектепте болған атыс оқиғасынан кейін Құрама Штаттағы мектепке жасалған шабуылдар арасында адам ең көп өлген оқиға болып саналады. 2012 жылы Коннектикут штатындағы мектепте жасалған шабуылда 20 адам қаза болған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы