Латын Америкасының "Лима тобы" (Оңтүстік және Солтүстік Американың 12 елі) Канадамен бірге Венесуэла басшысы Николас Мадуроға (Nicolas Maduro) қарсы шықты, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
Венесуэла президентіне көршілес халықтар оппозициялық заң шығарушылар келісімінсіз сайлау өткізгені үшін қарсы шыққан. Оның үстіне жергілікті халықтың президенттің елдегі экономикалық және саяси дағдарыстарды реттеу шараларына да көңілі толмайды.
Венесуэлалықтардың экономикалық дағдарыс кесірінен елден жаппай қоныс аударуы салдарынан елде туындаған гуманитарлық дағдарысты жеңу үшін Колумбия халықаралық көмек сұрап жатыр.
Өткен аптада Колумбия шекаралық бақылау мен шекаралардағы қалалар қауіпсіздігін күшейтті.
Мадуроның сыншыларының айтуынша, оның жүргізген саясаты елді құлдырауға алып келіп, азық-түлік пен медициналық дәрі-дәрмектің тапшылығына алып келді. Мыңдаған адам кедейшілікте өмір сүріп, елден кетуге мәжбүр болды.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы