Түркия мен НАТО арасы салқындағаннан кейін, Анкара билігі отандық әскери өндірісті дамытып жатқанын білеміз. Бір күн бұрын Түркия өзінің тұңғыш рет дербес жасап шығарған «MRT-76» автоматын Африндегі әскерлеріне жіберіп берді. Бұл туралы сол елдің «Анадолы» ақпарат агенттігінің ресми сайты хабарлаған еді.
Түркияның тұңғыш отандық автомат қаруын Машина және химия зерттеу-өндіру орталығына қарасты «Кырыкале» қару-жарақ зауыты жасап шығарған. Сүрияның Африн аймағында соғыс салып жүрген Түркия әскерлеріне 4500 дана «MRT-76» автоматы жіберілді.

Кырыкаледе автоматтарды Түркия Құрлық күштеріне табыстау рәсімі өтті. Фото: Анадолы.
Түркия қарулы күштері және қару өндіруші өкілдері «MRT-76» автоматтарының әскерлерге жөнелту рәсімін салтанатты өткізген. Айталық, «MRT-76» автоматтарын Құрлық күштерінің қолбасшылық штабына тапсырып беру үшін дұға оқып, діни рәсімдерді де атқарған.
Хабарда Кырыкале қару-жарақ зауыты қазір де өндірісті ең жоғары қарқынмен жүргізіп жатқаны айтылған. Аталған қару өндіруші орынға «MRT-76» автоматынан 20 мың данасын өндіруге бұйрық берген екен. Олар бұл міндетті мамыр айына дейін орындап болатынын айтады. Қазірге дейін 11 мың автомат дайын.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы