Оңтүстік Кореяның президенті Мүн Жайн (Moon Jae-in) мәлімдемесінде, құрамында Ким Жоң Унның қарындасы бар Солтүстік Кореяның жоғары дәрежелі делегациясын түскі ас кезінде АҚШ вице-президенті Майк Пенспен кездесуін жоспарлап жатқандарын айтты. Дегенмен, кездесуде Солтүстік Кореяның ядролық мәселесіне байланысты диалог болады деп уәде бере алмайтынын жеткізді. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Аталған мәліметке қарағанда, кездесу сенбі күнге жоспарланған және бұл екі корей елі арасындағы жоғары деңгейдегі кездесудің Оңтүстік Кореяда алғаш рет болуы. Кездесудің басты мақсаты - екі корей жұртының қарым-қатынасын жақсарту.
Дегенмен, Пиоңчаң олимпиядасы басталу қарсаңында Солтүстік Корея әскери парад өткізді. Әскери шеруді бақылаушылардың айтуынша, бұл реткі шеру бұрынғылардан біршама төмен деңгейде болған. Соған қарап, Ким Жоң Унның мақсаты қысқы Олимпиада кезінде өз режимін барынша қатерлі етіп көрсетуге тырысып отырғанын білуге болады.
Оңтүстік Корея президент әкімшілігі жасаған мәліметте, Пиоңчаң олимпиадасының ашылу салтанатына Ким Жоң Унның қарындасы Ким Йо Жоң да қатысады.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес