Израиль сарбаздары жүргізген рейд кезінде палестиналық жасөспірім қайтыс болды - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
Куәгердің айтуынша, мылтық даусы естілгенде 200-ге жуық палестиндық Израильдің әскери техникасына тас лақтырған. Бастапқыда сарбаздар жиналғандарды бейбіт жолмен таратуға тырысқанмен, кейін негізгі ұйымдастырушыларға оқ атқаны анықталды.
Израиль әскери қызметінің хатшысының мәлімдеуінше, жасөспірім әскери техникаға мініп, оның есігін өзіне оқ тигенге дейін ашып үлгерген.
Палестинаның денсаулық Министрі Ахмад Абу Обейд есімді 19 жастағы жасөспірімнің басына оқ тиіп қайтыс болғандығын хабарлады.
Палестиналық "Maan" ақпарат агенттігі соңғы өлімді есептегенде осы жылы жалпы 9 адам Израиль әскерінің оғына ұшып қайтыс болғандығын (олардың төртеуі - 16 жасар жасөспірімдер) хабарлайды.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді