АҚШ Президенті Дональд Трамп Швейцарияда өткен Бүкіләлемдік экономикалық форумда "Америка бірінші, оның саясаты жалғыз екенін білдірмейді" деп мәлімдеді. Ол өзінің сайлауалды кампаниясы кезінде Америкадағы жергілікті кәсіпкерлікті шетелдік бәсекелестіктен қорғауға уәде берген болатын. Бұл саясат жаһандану мен өзара әріптестікті ұран еткен Бүкіләлемдік экономикалық форумның негізгі қағидаларына қайшы келеді. Дегенмен АҚШ Президенті өз мемлекетінің кәсіпкерлік жасауға ашық болып қала беретінін атап өтті.
Дональд Трамп өзінің Америка Президенті қызметінде өткізген бір жылында қол жеткізген жетістіктерді санамалап, корпоративті салықтың төмендегенін және жұмыссыздық үлесінің азайғанын алға тартты. Ол: "Жұмыс орындарын құру, өсу мен инвестициялар салу үшін Америка ешқашан дәл мұндай қолайлы болған емес. Біз кәсіпкерлік үшін ашықпыз!", - деп мәлімдеді.
ВВС тілшісі "Дональд Трамптың "Америка бірінші, бірақ жалғыз емес" деуі, оның протекционизм саясаты аясында өзге әлем мемлекеттерімен сауда соғысын бастау емес, әділ сауда жүргізуге шақыру" деген қорытынды шығарады. Дегенмен жақын күндері АҚШ-тың елге импортталатын кір жуатын машиналар мен күн панельдеріне қойылатын тарифті 50 пайызға дейін көтеру туралы шешімі Оңтүстік Корея мен Қытайдың наразылығын тудырған еді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті