Жақында АҚШ Мемлекеттік департаменті қарамағындағы «АҚШ мемлекеттік веб-сайтынан» Құрама Штаттың серіктесі қатарындағы Тайуанның (Тайвань) туы (бұрынғы Қытай Республикасы/中华民国/ Republic of China) алынып тасталды. Тайуан үкіметі бұл мәселеге байланысты нақты түсінік бермеген. АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Хизер Науерт (Heather Nauert) мәлімдемесінде, АҚШ-тың Тайуанға деген позициясының өзгермегенін айтқан. Бұл туралы «Voachinese» басылымы хабарлады.
Хизер Науерт Уашингтондағы шетелдік журналистер орталығында мәлімдеме жасаған кезде, журналистер аталған ресми сайттан «Тайуан туының алынып тасталуы техникалық мәселе ме, әлде саяси шешім бе, техникалық себептерден болса қашан қалпына келтіріледі?» деген сұрақтарды қойды. Хизер Науерт бұл сұрақтарға тікелей жауап қайтармады. Алайда, Құрама Штаттың үш бірлескен коммюникеге негізделген «Тайуан жөніндегі саясаттың» өзгеріссіз қалғанын айтты.
Науерттің сөзінде: «Құрама Штат Тайуанды өзінің маңызды серіктесі деп санайды. Тайуан демократияның табысы әрі әлемнің оң бағыттағы күштерінің бірі. Осы негізде-тың АҚШ-тың Тайуанмен құндылықтары ортақтасады, оған қолдау мен көмекті тоқтатпайды», – деді.
Тайуанның DPP және KMT (Халықтық Демократиялық Партия/民进党min jin dang және Ұлттық партиясы/国民党/guo min dang) қатарлы партиялары үкіметтерінен АҚШ-тың Тайуан саясаты бойынша және елдерінің туы АҚШ ресми сайтынан алынып тасталуының факторлары туралы түсінік беруін талап етті.
Екі күн бұрын Тайуанның Құрама Штаттағы өкілдерінің бірі аталған мәселе туралы мәлімдеме жасап, АҚШ-Тайуан қатынасы тұрақты даму үрдісінде екенін, тараптарда байланыс арналарының да тығыз байланыста екенін айтқан. Мәлімдемеде Тайуан өкілі көп жақты арналары арқылы АҚШ Мемлекеттік департаментінен мәселені бір жақты етуді талап еткендерін жеткізген.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі