Францияның трансатлантикалық саудадағы қызығушылығы төмендей бастады. Францияның Сауда және қаржы министрі Бруно Майре (Bruno Maire) мәлімдеме жасаған кезде, француз елінің Қытай және Ресеймен сауда байланыстарды кеңейтіп, Құрама Штат және Ұлыбританиямен болған сауда байланыстарын қысқартуға мүдделі екенін айтты. Бұл туралы «WSJ» басылымының ресми сайты хабарлады.
Ұлыбританияның ЕО-дан бас тартуы, Дональд Трамптың Құрама Штат президенті болуы және оның «Америка көшбасшы» саясатын жолға қоюы сынды саяси өзгерістер, Еуроодақтың негізгі күштерін жаңа экономикалық бағытқа итермеледі. Шын мәнісінде ЕО-ның негізгі тіректері Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін алғаш рет өз экономикасына қайта бағалау жасап жатқанын аңғарамыз.
Бруно Майре сөзінде: «Франция қазір эксклюзивті Трансатлантикалық сауда қарым-қатынастар басшылық еткен, теңестірілген әлемдік кеңістікке айналып кетті. Ендігі Францияның мақсаты Еуропамен жалғасқан Ресейдің, одан ары Қытайды байланыстыратын сауда жолын құру», – деді.
Францияның жас президенті Эммануэль Макрон қаңтар айында Қытайдағы сапары кезінде және мамыр айында Петерборда өтетін экономикалық форум кезінде осы мақсатты жүзеге асыру үшін алғашқы қадамдарды жасайды.