Ресей экономикасы әлемдік көрсеткішке жетіп, тіпті одан да асып түседі. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин мәлімдеді.
"Мен бұрын айтып кеткендей экономикалық дағдарыс, сыртқы шектеулер салдарынан экономикалық өсім әлемдікінен жоғары болған жоқ, мүмкіндік бермеді. Бірақ біз мұны міндетті түрде істеуіміз керек және оны істейміз де", - деп мәлімдеді ол "Единая Россия" съездіне.
Ол сондай-ақ, жаһандық экономикасы ірі бес елдің қатарына кіріп қана қоймай, жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші алдыңғы қатарлы елдермен қарайлас болу керектігін атап өтті.
"Дәл осы көрсеткіш технологиялық экономика, еңбек өндірісінің деңгейі және адамдардың әл-ауқатының сапасы қандай екенін көрсетеді. Бұл үшін біз елдің барлық инфрақұрылымын түбегейлі өзгертуіміз керек", - деді Путин.
Айта кетейік, 2017 жылғы есеп бойынша Ресейдің экономикалық өсімі2012 жылдан бері өзгеріссіз, шамамен 3,3 пайызды құрайды. Ал әлем экономикасының көрсеткіші - болжам бойынша 3,6 пайыз.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау