Бүгін Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайн Қытайдағы ресми сапарын бастады. Бұл оның президент болғаннан бері Қытайға жасаған алғашқы ресми сапары. Қытай басшысы Ши Жинпиң Корея президентімен кездесіп, екі елдің жоғары лауазымдылары бас қосқан келіссөз мәжілісін өткізді. Бұл туралы «People» басылымының ресми сайты хабарлады.
Хабарға қарағанда Мүн Жайннің Қытайдағы ресми сапары үш күнге жалғасады. Екі ел арасында маңызды келісімдер жасалып, Корей түбегі, Оңтүстік Қытай теңізі мәселесі және өзгеде салмақты тақырыптар ортаға салынады деп күтілуде.
Оңтүстік Кореяның билік басына Мүн Жайн келерден бұрын Қытай мен Оңтүстік Корея арасында дипломатиялық дағдарыс болып келді. Корей түбегі мәселесіндегі ұстанымдары мен шараларында пайда болған қайшылықтар екі ел ортасындағы бірқатар келісімдер мен сауда байланыстарға салқынын тигізген еді. АҚШ өндіретін «Сад» зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін орнату ісі екі ел арасында үлкен дауға ұласты. Тіпті Қытай үкіметі кейбір кореялық компанияларды елден шығарып жіберді.
Мүн Жайн президент болғаннан кейін Қытаймен болған бұл кірбеңдікті жоюға тырысты. Бұл реткі сапарында да Қытаймен маңызды келісімдер жасасып, ынтымақтастықты бекемдей түспек.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді