Сауд Арабиясының тақ мұрагері, әрі елдің Қорғаныс министрі Мұхаммед бин Салман Сауд жұртына сапарлай келген АҚШ Энергетика министрі Рик Перримен кездесті. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлаған болатын.
Екі елдің министрлерінің кездесуі кезінде мұнай-химия индустриясы, инфрақұрылым және энергия саласында ортақ инвестиция салу, қоршаған орта, өнеркәсіп және энергия секторларында екіжақты стратегиялық ынтымақтастық істері талқыланған.
Мұхаммед бин Салман Сауд Арабия энергия нарығының тұрақтылығы, өндіруші мен тұтынушы қамтыған әлемдік энергия нарығындағы маңыздылығына тоқталды. Тақ мұрагері Сауд Арабиясын 2020 жылдан кейін мұнайға тәуелділіктен құтқаратын жаңа саясаттарды жолға қойғалы отыр.
Кездесуде Сауд Арабиясының Энергия, Өнеркәсіп және Кен ресурстары министрлері мен АҚШ Энергетика министрлігінің өкілдері болды.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?