Йеменге Сауд Арабиясы коалициясы блокада орнатқалы үш аптаға жуық уақыттан кейін алғашқы гуманитарлық көмек жеткізілді. БҰҰ-ның өкілі ел астанасы Саанаға келіп қонған арнайы ұшақта 1,9 млн мөлшердегі екпе бар екенін айтты. APF журналистері онан бөлек БҰҰ мен "Қызыл Крест" ұйымының қызметкерлері мінген тағы үш ұшақ Йеменге келгенін хабарлады.
Гуманитарлық көмек Сауд Арабиясы коалициясы блокаданы ашуға рұқсат бергеннен кейін 3 күннен соң жеткізілді. Алдыл ала келісімдер бойынша теңіз порты мен ел астанасының әуежайы ашылды. Дегенмен осы бейсенбіде теңіз арқылы жеткізілуі керек болған көмек кешігіп жатыр.
БҰҰ өкілдері мыңдаған жазықсыз адамдарды аштық пен індеттен құтқару үшін бір ғана порт пен әуежайдағы шектеулі рейстер жеткіліксіз екенін айтады. Олар басқыншылардың қолындағы өзге де теңіз порттарының ашылғанын қалайды.
БҰҰ-ның мәліметінше, Йеменде 20 млн адам гуманитарлық көмекке мұқтаж. Олардың 11 млн - балалар. 400 мың тұрғын азық-түлік жетіспеушілігінен аштықтың алдында тұр.
Айта кетейік, бұған дейін аталған елге гуманитарлық көмек жеткізілетіні туралы хабарланған болатын.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы