Зимбабведе екі аптаға созылған саяси дағдарыс аяқталып, елді 37 жыл басқарған Роберт Мугабе биліктен кетті. Бұл жаңалықты жергілікті халық қуанышпен қабылдап, көше бойында мерекелік шеру ұйымдастырды. 93 жастағы әлемнің ең қарт билеушісі болып келген Роберт Мугабе осыдан бұрын әскер басшыларының мемлекеттік билікті өз қолдарына алғандарына қарамастан, лауазымын босатудан бас тартқан болатын.
Роберт Мугабеге өзі мүшелік ететін Zanu-PF партиясы қарсы шығып, оған импичмент жариялау туралы ұсынысты Парламентке өткізгеннен кейін, (бұрынғы) мемлекет басшысы қызметінен кететінін хабарлады. Оның халыққа арнап жазған хатын Парламенттің баспасөз қызметкері оқыды.
Зимбабве Конституциясына сәйкес, Роберт Мугабенің орнын қазіргі вице-Президент Пелекезела Мпоко басуы керек. Дегенмен билеуші Zanu-PF партиясы экс-Премьер Эммерсон Мнангагваның кандидатурасын қолдап отыр. Парламент өкілдері осыдан екі апта бұрын Роберт Мугабенің басшылығымен қызметінен босатылғаннан кейін, өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы қауесеттен шет елге кетіп қалған Мнангагва мырза 48 сағар ішінде Зимбабвеге қайта оралатынын жеткізді.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті