Brexit жобасы аяқталғаннан кейін Еуроодақтан шығатын Лондондағы бірқатар маңызды кеңселер Париж бен Амстердамға көшіріледі. Атап айтсақ, Еуропалық банк басқармасы Парижге, ал дәрі-дәрмек бойынша Еуропалық агенттік Амстердамға қоныс аударады. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Қос мекеме Лондонда мыңға жуық азаматты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған болатын. Еуропалық банк басқармасының өз елінде болуы үшін бәсекеге 8 ел қатысса, дәрі-дәрмек бойынша Еуропалық агенттіктің жаңа орны болуға өз қаласын үміткер етіп 16 мемлекет қосқан.
Францияның Президенті Эммануель Макрон Париждің жеңісін оның бүкіл әлемнің назарындағы қала болуымен байланыстырды. Еуропалық банк басқармасының қызметкерлері өткен жылы Одаққа мүше елдерге 700 рет әртүрлі миссиялармен сапарлаған. Осыған орай басқарма орналасатын қаланың әуе жолдарының инфрақұрылымы да дауыс беру кезінде ескерілді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі