Ресей үкіметі Қырым түбегі мен Украина арасын бөліп тұратын шекаралық қорған тұрғызатынын мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды.

Аталған мәлімдемені РФ Федералдық қауіпсіздік қызметінің Қырым ісіне жауапты бөлімі жариялаған. Аталған орынның берген мәліметіне қарағанда, шекаралық қабырға құрлысы келер жылы шілде айына дейін бітеді. Қорған Қырым түбегі мен Украина арасындағы ең негізгі 50 шақырымдық шекараға тұрғызылады.

Ресей жақ бұл қадамның Қырым түбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасап отырғанын айтады. Сонымен берге, Мәскеудің бұл құрылыс үшін 20 млн рубль жұмсағалы отырғаны белгілі болды.

“The Qazaq Times”