Оңтүстік Кореяда болған 5,4 баллдық жер сілкінісі салдарынан 50 адам жарақаттанып, 1 мың 500 адам уақытша лагерьлерге жеткізілді. Елдің оңтүстігінде тіркелген табиғат апаты 9 км тереңдікте болған және ел астанасы Сеулді қосы алғанда, бірқатар елді мекендер мен ірі қалаларды қамтыған. Министрліктің мәліметінше, оқыс жағдайдан 1100 тұрғын үй мен 100 мектеп зардап шеккен.
Қаза тапқандар туралы расталған ақпаратты жоқтығы қуантқанымен, ресми деректер 57 адамның әртүрлі деңгейдегі жарақат алып, 1 536 тұрғынның өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғандарын жеткізді. Бұл 2016 жылдың қыркүйек айында оңтүстік-шығыстағы Кенджу қаласында болған 5,8 баллдық жер сілкінісінен кейін қайталанып отырған екінші апат.
Әлеуметтік желілерде қираған үйлер мен жан ұшыра айқайлап, жан-жаққа жүгірген халықтың, оқу орнындағы студенттердің видеолары көп қаралып жатыр. Азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы ел Үкіметі осы бейсенбі күні өтетін жалпыхалықтық емтиханды бір аптаға кейін шегерді.
Көршілес Жапониямен салыстырғанда, Оңтүстік Кореяда сейсмикалық қозғалыстар аз болатынына қарамастан, жерасты дүмпулері үнемі жіті қадағалауда. Өйткені жер сілкінісі әдетте Солтүстік Корея ядролық қару қолданғаннан кейін болады.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр