Футболдан Италия ұлттық құрамасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына бармайтын болды.
Қараша айының 13-і күні 2006 жылғы әлем чемпиондары Италия құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындары аясында өз алаңында Швеция құрамасымен кездесіп 0:0 есебімен тең ойнаған. Аталмыш кездесу Италия құрамасының әлем чемпионатына баруға деген соңғы үміті болған. Себебі бұған дейін қараша айының 10-ы күні Стокгольм қаласында Швеция құрамасы Италия құрамасын 1:0 есебімен жеңген. Екі ойынның қорытынды есебі бойынша, Швеция Италиядан басым түсіп 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына жолдама алған.
Италия құрамасы әлем чемпионатына бұған дейін соңғы рет 1958 жылы бара алмай қалған. Одан бері 60 жыл уақыт өтті.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды
Өзбекстан президенті желтоқсанда Қырғызстанға барады