АҚШ Президенті Дональд Трамптың Пекинге сапары барысында Қытай мен Америка компаниялары құны 9 млрд доллар болатын келісімге қол қойды. АҚШ-тың Сауда министрі Уилбир Росс пен Қытайдың вице-министрі Ван Ян экономикалық әріптестік жөніндегі келісім құжаттарына қол қою рәсімін басқарды. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
Қазірше жаңа келісімдердің қандай салалар мен компанияларды қамтитыны туралы мәлімдеме жасалған жоқ. Дегенмен осыдан бұрын АҚШ Президенті Қытайға үш күндік сапары барысында қос тараптың қазан айында 26, 6 млрд долларға түсіп кеткен сауда айналымын көтеруге күш салатынын айтқан болатын.
Бейсенбі күні Дональд Трамп пен Ши Жиң Пиңнің басшылығымен ең ірі келісімдерге қол қойылады деп күтілуде. Олардың қатарында Америка-Қытай арасында табиғи газ тасымалын арттыру мен соя саудасын реттеу келісімдері де бар.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі