Сауд Арабиясы қамауға алынған ханзадаларды түрмеге емес бес жұлдызды қонақ үйге жатқызуда – деп жазды The New York Times газеті.
Басылым мәліметінше, қараша айының 5-сі күні пара алды деген күдікпен ұсталған Сауд Арабия ханзадаларын ел билігі түрмеге жатқызудың орнына Эр-Рияд қаласында орналасқан бес жұлдызды Ритц Карлтон қонақ үйіне жайғастырған. Осыға байланысты You Tube желісінде видеороликте жарияланған. Онда тұтқынға алынған ханзадаларды жергілікті полиция қызметкерлері Ритц Карлтон қонақ үйінің фойесіне орналастырғаны бейнеленген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Сауд Арабиясы билігі 11 ханзада мен 10-нан астам бұрынғы министрлерді пара алды деген айыппен қамауға алған болатын. Олардың ішінде Сауд Арабия королінің жиен інісі әл-Валид бен Талал да бар.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті