2017 жылы әлемде мақсатты түрде жасалған шабуылдан 30 журналист өтірілген. Бұл туралы "2 қараша - журналистерге қарсы жасалған қылмыстарды жазасыз қалдырмау халықаралық күніне" байланысты БҰҰ-ның арнайы баяндамашылары хабарлаған.
«Биыл әлемде мақсатты түрде жасалған шабуылдардан 30 журналист қаза тапты», -делінген БҰҰ-ның соттан тыс жаза кесу жөніндегі арнайы баяндамашысы Агнес Кэламар мен арнайы бостандық құқығын қорғау жөніндегі баяндамашысы Дэвид Кэйдің мәлімдемесінде.
Спикерлер "БАҚ өкілдеріне жасалған шабуыл - демократиялық құқыққа қол сұғу" деген пікір айтады. Кэламар мен Кэйдің сөзінше, тым жиі қудаланатындар сыбайлас жемқорлықты тоқтатуға көмектесетін және билікті сынайтын журналистік зерттеумен айналысып жүрген БАҚ өкілдері мен блогерлер екен.
Осылайша құқық қорғаушылар БАҚ өкілдеріне қарсы жасалған барлық қылмыстарды тәуелсіз және әділ тергеуге шақырып отыр. Олар кейбір заңсыздықтар жаңа қылмыстардың туындауына әкеп соғатынын ескертуде. Тіпті БҰҰ сарапшылары мұндай қылмыстық әрекеттер журналистерді "жек көретін" кейбір жоғары лауазымды шенеуніктердің де қолдарынан келетінін айтады.
Айта кетейік, БҰҰ өкілдері айтқандай журналистерге қатысты қылмыстық істер Қазақстанда жоқ емес. Алайда бізде бұдан гөрі сөз бостандығын талап еткен журналистер көп қысым көреді.