Әлем ақпарат құралдары Сауд Арабиясы роботтардың «азаматтық құқығын» қорғайтын тұңғыш мемлекет болғанын хабарлауда. Бұл туралы «Шинхуаның» ресми сайты жазды.
Ұлыбритания «Daily Mirror» (Күнделікті айна) басылымының ресми сайтының хабарлауынша, Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядта өткен «Болашақ инновациясы» мәжілісінде роботтардың құқықтары қорғалатыны туралы жаңа ережені жария еткен. Заң бойынша, азаматтар роботтардың жұмысына кедергі келтірсе, оны қуат көзінен ажыратып тастаса немесе өшірсе заңдық жауапкершілік арқалайды. Жаңа заңда құлтемірлердің (Роботтардың) өзге қандай құқықтары қорғалғаны анық айтылмаған.
Адамдармен тең құқыққа ие болғаннан кейін, жиналыс үстінде «София» атты құлтемірге сөз кезегі берілді. Ол: «Мен осы бір еркіндік пен құқыққа ие болған ең алғашқы «азамат» болғаным үшін шексіз қуаныштымын, әрі өзімді бақытты сезінудемін. Бұл тарихи сәт саналады, мен мақтана аламын», – деді.
Бұл туралы Сауд Арабиясының Мәдениет министрлігі Твиттер парақшасында осы хабарды растай отырып, «Сау арабиялық ең жаңа азамат Софияны қарсы алайық!» деп жазады.
Адамға ұқсатылып жасалған «София» АҚШ-тың әйгілі «Хансон» компаниясының өнімі.
Осыдан кейін, АҚШ-тық танымал журналисті Эндрю Росс Соркин «Софиямен» сұхбат жасады. «София» адамзатқа андроид техникасынан келетін қатерлер туралы сөз етіп, оны жасап шығарушыларды «қалжыңмен» қағытты. Кинодағы роботтар туралы күле отырып әңгіме айтып, «Голливудты» мазақ етті.