Украина Ішкі істер министрлігі Жоғарығы Рада депутатына жасалған қастандықты террорлық акт деп мәлімдеді.
Қазан айының 25-нен 26-на қараған түні Украина Жоғарғы Рада депутаты Игор Масийчукқа қастандық жасалған. Масийчук «Экспрессо» телеарнасы ғимаратынан шыққан бетте көше бойында тұрған скутерлердің біріне орнатылған жарылғыш зат іске қосылған. Салдарынан төрт адам жарақат алып, Масийчуктің оққағары оқиға орнында көз жұмған. Осы оқиғаға байланысты Украина Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өзінің Facebook парақшасында: «Аталмыш оқиғаға байланысты Украина Қылмыстық Кодексінің 258 бабы (террорлық акт) бойынша іс қозғалды» - деп жазған. Ал Игор Масийчуктің өзі бұл оқиғаға тапсырыс бергендер Мәскеуде отыр деп есептейдіндігін айтқан.
Игор Масийчук 1979 жылы дүниеге келген. 1990 жылдан бері түрлі ұлттық ұйымдардың мүшесі болған. 2014 жылдың қаңтар айында Киев соты оны Ленин ескерткішін жарып жіберуге қатысқаны үшін кінәлі деп танып алты жылға соттаған. Бірақ ол Еуромайданнан кейін бостандыққа шығып, кейінен «Азов» батальонының қатарына алынған. Қазіргі таңда Радикалдар партиясының мүшесі және Жоғарғы Рада депутаты.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр