Халықаралық Валюта қоры мен Испания билігі Каталонияда болған референдумның салдары автономиялық өңірдің экономикасына кері әсер еткенін хабарлады. Еуроаймақтағы ең үлкен төртінші экономикаға кіретін өңірде келесі жылы 2,6 пайыз өсім болады деп күтілген еді. Полиция мен жергілікті халық арасындағы қақтығыс пен саяси тұрақсыздықтың кесірінен, қазан айының 2-11 аралығында 540 фирма өз кеңселерін Каталониядан өзге жерге ауыстырған.
Standard and Poor's рейтинг агенттігі саяси дағдарыс ары қарай да жалғасын тапса, Каталонияның экономикасы рецессияға кететінін хабарлады. Испания билігі бейбітшілікті бұзып, сепаратистік қозғалыстарға дем бергені үшін Каталонияның Президенті Карлес Пудждемонтты кінәлап отыр. Осы жылдың 1 қазанында өткен референдум жеңіске жеткенімен, Мадридпен ортақ келісімге келе алмаған автономияның ары қарайғы қадамдары нақтыланбай отыр. Орталық билік Каталония басшылығына келесі бейсенбіге дейін ойлануға уақыт берді.
Еурокомиссияның Президенті Жан-Клод Юнкер: "Мен Еуроодақта 98 мемлекет болғанын қаламаймын (Каталония мысалында басқалар да тәуелсіздік сұрап, барлығының өтініші қанағаттандырылған жағдайда деген болжамы). Ұлыбритания одақтан шыққаннан кейін 27 мемлекет боламыз. Соның өзін басқару, олардың мәселесін шешу қиын. Ал 98 мүше туралы тіпті елестету қиын", - деді.