Тайланд полициясы 28 қыркүйекте бұрынғы премьер-министр Инглакты тұтқындау үшін, оны үйінен іздестірген. Алайда, жасырынып жүрген Инглак өз үйінде болмай шыққан. Сол күні елдің премьер-министрі Прают Чан-Оча мәлімдеме жасап, бұрынғы премьер-министрінің Дубайда екенін айтқан. Бұл туралы «Шинхуаның» ресми сайты жазды.
Бұл Тайланд билігінің тамыз айынан бері Инглактың қайда екендігі туралы алғаш рет анық хабар жариялауы. Осыдан бір күн бұрын Тайланд жоғары соты елдің бұрынғы премьерін сырттай 5 жылға бас бостандығынан айырған еді.
Тайландтың қазіргі премьер-министрі журналистерге берген мәліметінде, Инглактың Дубайда паналағанын Сыртқы істер министрлігі арқылы білгенін айтқан.
Дегенмен, Тайланд пен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экстрадициялау туралы шарт жоқ. Дубай тарабы болса Тайланд Сыртқы істер министрлігіне Инглактың ешқандай саяси қадамдар жасауына мүмкіндік бермейтінін жеткізген.
50 жастағы Инглак қазір шетелде тұратын, өзінен бұрын елде премьер болған Таксин Шинауатраның қарындасы. Инглак 2011 жылы Тайландтың премьер-министрі болып сайланған. 2014 жылы 7 мамырда, Таиландтың Конституциялық соты билік өкілеттігін теріс пайдалану айыбымен ол премьер-министр өкілеттілігін тоқтатқан. Күріш сату субсидиясына далаға шашылған қаржылардың басты жауапкері ретінде Инглак бірнеше рет сотқа шақыртылған. Алайда, ол бұл сот отырыстарынан жалтарады. Соңында, елдің жоғары соты оны қуғындау бұйрығын шығарды. Бір айдан кейін оны сырттай соттады.