Өткен аптаның соңында, бір ғана телефон қоңырауы ұзаққа созылған Катар дағдарысына оңды өзгерістер алып келген еді. BBC жаңалықтар қызметінің және «әл-Жазира» агенттігінің 9 қыркүйектегі хабарында, 8 қыркүйек күні Сауд Арабиясы Корольдігінің ханзадасы мен Катар әмірі телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындағы кірбеңдікті оңды жолмен шешуге келіскені туралы айтылған. Дегенмен соның ертесінде, яғни, 9 қыркүйек күні Сауд Арабиясы өзінің ресми ақпарат агенттігі арқылы бұл қадамдарға қарама-қайшы шешім жария етті. Бұл туралы "Шинлаң" ақпараттық сайты жазды.
Сауд Арабиясының ресми ақпарат агенттігі 9 қыркүйек күні таңертеңгі хабарында, қоңырау кезінде Катар әмірі 4 елдің талаптары бойынша келісім жүргізуге әзір екенін айтқан. Бұған Сауд Арабиясы ханзадасы да алғыс білдірді деген еді. Алайда, Катар Ақпараттық агенттігі қоңыраудың нақты мазмұнын жариялады. Әрі бұл қадамның АҚШ президенті Дональд Трамптың өтініші арқылы жасалғанын ашық айтты. Сондай-ақ, тараптардың басшылары дағдарысты диалог арқылы шешу керек деген.
Оңды қадам неге қырын қарап кетті? Әңгіменің білтесі – Сауд Арабиясы тарабы Катар ақпараттық агенттігінің сөйлесу мазмұнын жария еткеніне қатты ашуланды. Әрі, Сыртқы істер министрлігі Катарды "фактілерді бұрмалады" деп айыптап: «Бұның өзі Катардың диалогке шығуы шынайы ниетте емес екенін көрсетеді», – деп мәлімдеді. Сонымен Сауд Арабиясы Катармен болған барлық диалогтар мен байланыстарды тоқтататынын жария етті. Әрі бұл шешімі, Катар жақтың позицияны нақтылау үшін ашық мәлімдеме шығарғанға дейін жалғастыратын болды. Тіпті осы хабарды таратып жіберген Кувейттің ақпарат медиаларына да «өкпелеген».
Мінеғ осылай бір қоңыраудың бастаған оңды жаңалығы бір күннен кейін екі жақтың жаңа жанжалына айналып шыға берді. Десе де, Сауд Арабиясы ханзадасының мұрагерлік лауазымға отырғаннан бері Сауд Арабиясымен Шығанақ елдері арасындағы дипломатиялық қатынасты барынша қолдап келе жатқанын анық байқаймыз.