Енді "Эйр Астана" жолаушылары "Боинг-767" әуе лайнерлерінің борттарында кең жолақты жоғары жылдамдықты желіге қосыла алады. Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Әуекомпанияның мәліметінше, әуе кемелерінің борттарына Inmarsat’s Global Xpress (GX) Aviation мүмкіндіктерін пайдаланатын Rockwell Collins кабина жүйесін орнатылған.
Жаңа қызмет, жолаушыларға интернетке қосылуына, лезде хабарлама алмасу үшін әртүрлі қолданбаларды қолдануға, әлеуметтік желілерге кіруге, аудио тыңдауға және дербес компьютерлер, планшеттер, смартфондар арқылы поштаны тексеруге мүмкіндік береді. Қызмет, "Боинг-767" ұшақтарының үшеуінде де эконом-класс және бизнес-класс салондарында қол жетімді болады.
"Эйр Астана" жолаушыларының таңдауына үш интернет пакеті ұсынылады. "Старт" 15 МБ, "Бизнес" 50 МБ, "Cупер" 100 МБ – бағалары тиісінше 1500, 4500 және 7500 теңгеден. Орташа қосылу жылдамдығы – секундына 2 Мб-тан 5 Мб-қа дейін.
"Эйр Астана" - 2002 жылғы 15 мамырдан бері тұрақты сапарлар жасап келе жатқан ұлттық әуекомпания. Әуе компаниясының әуе флоты батыста шығарылған А320neo қоса, Boeing 767-300ER, Boeing 757-200, Airbus A320 және Embraer E190 ұшағының 31-нен құралған.