Қытай Үкіметі өз компанияларының шет мемлекеттерге инвестиция есебінде құятын қаржысына шектеу қоюды қолға алып отыр. Бұл соңғы жылдары Қытайдан сыртқа кететін қаржы көлемінің күрт артуына байланысты. Пекинде қабылданған жаңа шешім туралы CNN ақпараттық агенттігі жазды.
Қытайлық кәсіпкерлер үшін тартымды саналатын салалардың қатарына жылжымайтын мүлік, қонай үй бизнесі, спорттық клубтар мен ойын-сауық кешендерін қаржыландыру жатады.
Өткен жылы шетелге инвестиция есебінде бағытталған қаржы рекордтық көрсеткішке жеткеннен соң, биылғы жылдың алғашқы жартысында-ақ қытайлық кәсіпкерлердің өзге мемлекеттердегі жобаларды қаржыландыруы 46 пайызға қысқарды.
Жоғарыда аталған инвестициялық тартымдылығы жоғары салаларға салынған инвестиция 80 пайызға төмендеді. Бұл Қытайдың инвестициясына арқа сүйеп отырған дамушы мемлекеттердің экономикасына ерекше соққы болып тиері анық.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы