Солтүстік Корея кезекті зымыран сынағын өткізді, деп хабарлайды Ренхап ақпарат агенттігі.
Агенттіктің мәліметінше, Солтүстік Корея бұл жолғы зымырандарын Канвондо провинциясындағы сынақ алаңынан ұшырған. Зымырандар 250 шақырымға ұшып, Жапон теңізіне барып құлаған.
АҚШ-тың Тынық мұхитындағы қарулы күштерінің хабарлауынша, Солтүстік Корея үш бірдей қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымырандарын сынақтан өткізген. Үш зымыранның біреуі жерден көтерілген бетте жарылып кеткен. Ал қалған екеуі әуеде істен шыққан. Пиоңяң (Пхеньян) ұшырған бұл жолғы зымырандар топтамасы Гуам аралдары мен АҚШ-қа ешқандай қауіп төндірмеген.
Естеріңізге салайық, Солтүстік Корея соңғы рет «Хвасон-14» құрлықаралық баллистикалық зымыранын шілде айының 28-і күні ұшырған болатын.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы