АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон, АҚШ жергілікті уақытымен 9 тамыз күні сөйлеген сөзінде: «Менің пайымдауда, соңғы 24 сағат ішінде Солтүстік Корея мәселесінде айтарлықтай өзгерістер орын ала қойған жоқ. Менше қауіпті жағыдай туылғалы тұрған жоқ. Сондықтан, Америка халқы өткен бірнеше күнгі жағдайлардан алаңдап кетпей, қамсыз ұйықтай беруіне болады», – деді. Бұл туралы Қытайдың «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды.
Ол Малайзиядан Гуам аралына ұшатын ұшақта журналисттерге айтып берді. 8 тамыз АҚШ президенті журналистер сұрағына жауап берген кезде, Солтүстік Корея АҚШ-қа төнетін ең үлкен қауіп емес деп түсіндірді. Ал, Тиллерсон болса президентінің бұл сөзін Ким Жоң Унға қатаң ескерту сигналы деп түсінуге болады деді. Ол тағы: «Меніңше Ким Жоң Ун дипломатиялық тілді түсіне бермейді. Президент Трамп Солтүстік Кореяға түсінікті етіп айтып өтті – АҚШ өзін және одақтастарын қорғауға толықтай қабілетті. АҚШ президенті оларға қате шешім жасамау үшін осылай ашық түсіндіріп отыр», – деді.
Тиллерсонның қарауынша, Дональд Трамп АҚШ президенті және АҚШ Қорғаныс күштерінің ең жоғары қолбасшысы ретінде Солтүстік Кореяға бұндай қатаң ескерту жасауы орынды. Журналистер АҚШ мемлекеттік хатшысынан «соңғы 24 сағат ішінде АҚШ қорғаныс күштеріне қаруларын алып дайындалатын қандай да бір оқиға туылды ма» деп сұрағанда, Тиллерсон: «Менің білгендерім мен көргендеріме қарағанда мұндай іс туылмады», – деп жауап берді.
Солтүстік Кореяның Гуам аралына шабуыл жасаймыз деген мәлімдемесіне қарата, бір журналист: «Гуам аралына бағытталған маршрут бағытыңызды өзгертпейсіз бе?» деген сауал қойды. Бұған Тиллерсонның қайтарған жауабы болса: «Солтүстік Кореяның зымырандары жерге бағытталуы мүмкін. Бірақ Гуам соғыс ошағы болмайды. Мен бұған бола Гуам сапарымнан уаз кешпеймін. Мен қайда да болса қауіп төніп тұр деп ойламаймын» деді.
Ол сөзінің соңында: «АҚШ Солтүстік Кореяға соғыс ашпайды. Бірақ, Солтүстік Кореяның төндірген қатеріне лайықты жауабын береді», – деп кесете айтты.
Сол күні таңертең Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасында, өзінің президенттік қызметке кіріскен кезден-ақ алғаш қол қойған бұйрықтарының бірі АҚШ ядролық арсеналын тұтастай дамыту бағдарламасы екенін айтқан еді. Тіпті АҚШ өзінің ядролық қуатын бұрын соңды болып көрмеген деңгейге дейін дамытқалы отырғанын да сөз етті. Сонымен бірге ол: «Мен бұл нәрсені өмір бойы қолданбасақ екен деп үміттенемін. Бірақ Америка Құрама Штаты кез-келген уақытта әлемдегі ең қуатты мемлекет болады», – деді.