Ұлттық қордың инвестициялық шығыны 784 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлттық банктің мәліметінше, Ұлттық қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесі бойынша қорының активтерін басқарудың базалық валютасы - АҚШ доллары. 2017 жылғы 1-тоқсандағы басқару нәтижелері бойынша АҚШ долларымен есептелген инвестициялық кіріс пайда болған және ол 1,3 млрд АҚШ долларын құраған.
Ал алдын ала деректер бойынша ҚР Ұлттық қорының 2017 жылғы бірінші жартыжылдықтағы инвестициялық кірісі 2,4 млрд АҚШ долларын құрады.
784 млрд теңге мөлшердегі инвестициялық шығын болса қордың валюталық активтерін теңгемен қайта бағалау нәтижесінде пайда болған және ол 2017 жылғы 1 тоқсандағы іске асырылмаған шығын. Себебі ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты бағамы 333,29 теңгеден (2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) 314,79 теңгеге (2017 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша) дейін нығаюы есепті кезеңде қордың валюталық активтерінің теңгемен көрсетілген құнының өзгеруіне және теріс бағамдық айырманың пайда болуына ықпал еткен.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?