Грузияның бұрынғы басшысы, Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвили Петр Порошенкомен Польша аумағында жүріп күрес жүргізетінін мәлімдеді. Ол бұл жайында Польшаның ZIK телеарнасына берген сұхбатында айтқан.
Саакашвили ZIK арнасының FACE2FACE бағдарламасында: «Мен қазір Польшадамын. Бұл жерге Варшава көтерілісін еске алу шараларына қатысу үшін арнайы шақыртумен келдім. Менің ойымша, АҚШ-та жүргеннен қарағанда Украинаға жақын жерде болған дұрыс» - деген.
Бұдан бөлек ол АҚШ-тан шығуына құжат жағынан ешқандай қиындықтар болмағанын айтқан.
Естеріңізге салайық, шілденің 26 күні Украина президенті Петр Порошенко Михаил Саакашвилиді Украина азаматтығынан шығаруға байланысты құжатқа қол қойған болатын.