АҚШ Қорғаныс департаментінің (Пентагон) ресми өкілі Жефф Дэвистің мәліметіне қарағанда Ресей жақтың сол елде тұратын АҚШ дипломатиялық қызметкерлерінің санын қысқарту шешімі екі ел арасындағы әскери істерге ешқандай әсер етпейді. Бұл туралы «Шинхуа» ресейлік «Спутник»-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Пентагонда өткен арнайы баспасөз мәслихатында Дэвис: «Шынын айтайын, мен Ресейдің кімдерді қысқартып, кімдерді өз территориясында қалдырады, арасында әскери қызметкерлер бар ма, жоқ па, мұны білмеймін. Бірақ біз алдағы уақытта нақтылай анықтайтын боламыз. Бірақ бұл екі елдің әскери іс-қимылына әсер етпейтіні анық», – деп жауап берді.
Ол сонымен қатар, екі ел әскери байланыс пен сенім арқасында Сүрияда соғысты болдырмау үшін қызмет етіп тұрғанын еске сала кетті. «Біз үнемі екі ел байланысына кері әсер ететіндей дипломаттарды қысқартпай келдік », – деп қосты Пентагон өкілі. Алайда, Обама тақтан кетер алдында Ресейдің АҚШ-тағы негізгі дипломаттары елден қуылған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ Ресейге қаратқан жаңа санкция жобасын ортаға қойғаннан кейін, Мәскеу бұған жауап ретінде АҚШ-тың 755 дипломатиялық және техникалық қызметкерін Ресей территориясынан шығарып салатындарын жеткізген болатын.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер