Еуроодақтағы жұмыссыздық деңгейі 2009 жылдан бері алғаш рет ең төменгі деңгейге жетті. Осы жылдың мамыр айында 9,2 пайызды құраған жұмыссыздық, өткен айдағы мәліметтерге сәйкес, 9,1 пайызға түсіп, тұрақтаған. Бұл туралы BBC ақпараттық агенттігі жазады.
Жұмыссыздық деңгейі Еуроодақтың Эстониядан басқа 19 мемлекетінде төмендеген. Халқы ең көп жұмыспен қамтылған мемлекеттер - Германия мен Мальта. Бұл елдердегі жұмыссыздық деңгейі сәйкес 3,8 және 4,1 пайызды құрайды.
Экономикалық құлдырауды басынан кешіріп отырған Греция халқының 21,7 пайызы, жастарының 45,5 пайызы - жұмыссыз. Ең жоғары жұмыссыздық көрсеткіші сондай-ақ, Испанияда тіркелген: 17,1 пайыз (халық), 39,2 пайыз (жастар).
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы