Жақында ғана Ресейдегі БҰҰ-ның тұрақты өкілі ретінде тағайындалған Василий Нирвана кешегі мәлімдемесінде, Ресей мен АҚШ қарым-қатынасы қырғи-қабақтық күйдің ең шегіне жетті деген пікірін білдірді. Ол сөзінде: «Қазіргі екі елдің қарым-қатынасындағы кірбеңдік тіпті қырғи-қабақ соғыс жылдарында да көрінген емес», – деді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлап отыр.
АҚШ Кеңес палатасы 27 шілде күні Ресей, Иран және Солтүстік Кореяға бағытталған жаңа санкция заң жобасын бекітіп, АҚШ президентінің қол қоюына ұсынды. 28 шілдеде Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде, «АҚШ-тың жаңа санкция жобасы, олардың халықаралық саясатта нағыз ұшына шыққан арандатушы екенін растады» деген пікірін жариялаған болатын.
Ресей Сыртқы істер министрлігі 1 тамыздан бастап АҚШ-тың Ресейде тұратын елшіліктерінің Мәскеудегі және бірнеше қалалардағы қоймалар мен тұраржайларды пайдалану құқығын шектейтінін мәлім етті. Сонымен бірге 1 қыркүйекке дейін Ресейдегі АҚШ дипломатиялық және техникалық қызметкерлерінен 455 адамды қысқартпақ.