АҚШ президенті Дональд Трамп тағы да әлеуметтік желіде шағымданды. Ол өзінің Twitter парақшасында «Республикашылдар партиясы мені қорғауға тырыспайды» деген өкпесін айтты. Трамп әлеуметтік желі парақшасында: «Ең бір өкінерлігі, Республикашылдар партиясы, тіпті менің айналамдағы кейбір адамдардың да президенттерін қорғауы кемшіл», – деді. Бұл туралы «Шинхуа» агенттігі сайтында жазды.
АҚШ-тағы кейбір ірі басылымдар "Трамптың бұл сөздермен не айтқысы келгені анық емес, егенмен Трамп Конгрестің жаңа шешімі алдында Республикашылдар партиясының үнсіз қалғанына наразы болғаны анық" деп жазуда. Трамп сайлау кезінен тартып бұрынғы Демократтардың президенті Барак Обаманың бірқатар жүйелеріне реформа жасауға тырысты. Соның бірі денсаулық сақтау саласының жаңа реформасы еді. Мұның кейбіреуі қабылданса, кейбір жаңа ережелер Демократтармен қоса Республикашылдар партиясының да қарсылығына жиі ұшырап келді.
Британдық «Guardian» басылымының жазуынша, Трамп командасына тағылған «ресейшіл» деген айып, олардың Конгресте және екі партия арасындағы сенімін азайтты. Республикалық парияның көшбасшысы Кевин 22 шілдедегі сөзінде: «Екі тараптағы заң шығарушылар әлдеқашан Ресейге қарсы жаңа санкция жобасын шығарды. Иран мен Солтүстік Кореяға қаратылған заң жобасы да осының ішінде. Өкілдер палатасында 25 адамдық дауыс беру жоспарланып отыр. Міне осының бәрі Трамптың Ресеймен болған қарым-қатынасына және оның беделіне кері әсер етеді», – деп анықтай айтты.
Трамптың көшбасшылық идеялары АҚШ Конгресі және екі партия жағынан белгілі жақта шектеулерге ұшырап отырғаны анық. Дегенмен Құрама Штат президенті Путин арасындағы кездесу осы шешімдерге мұрындық болғаны да анық. Президент тағына жеткенімен дегеніне жете алмаған Трамп ендігі жерде әлеуметтік желіде шағымданумен ғана шектеліп отырса керек.