Алмазбек Атамбаев Қырғызстанда биліктің бейбіт жолмен ауысатынына кепілдік беретінін айтты.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Чолпан-Атадағы мемлекеттік резиденциясында өткізген баспасөз мәслихатында: «Мен ойлаймын, біз алда өтетін президент сайлауының қорытындысы қандай болса да қабылдауымыз керек. Иә, сайлауда біреулер өз дауысын сатуы мүмкін. Біз Қырғызстан қоғамын бұл тұрғыда толықтай оята алмадық. Бірақ қазір ел басқа. Мен алдағы президент сайлауынан кейін биліктің бейбіт жолмен ауысуына кепілдік беремін» - деді.
Естеріңізге салайық, Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазан күні өтеді. Сайлауға Қырғызстанның қазіргі басшысы Алмазбек Атамбаев қатыспайды. Қырғыз Республикасының конституциясы бойынша, бір адам президент болып тек бір мерзім ғана сайлана алады.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы