АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізеді. Бұл туралы АҚШ Президенті әкімшілігінің өкілі хабарлады.
Берілген мәліметтерге қарағанда, Иранға енгізілетін жаңа санкциялардың реті әлі анықталмаған. Санкцияның қай түрі, қандай сектор мен тұлғаларға қарсы қолданылатыны да белгісіз.
АҚШ Президентінің әкімшілігіндегі шенеуніктердің түсіндіруінше, санкция енгізу Иранның өңірде ұстанып отырған қарулану саясатына байланысты. Экономикалық не дипломатиялық қысым көрсету арқылы «Ақ үйдегілер» Иранға жауапкершілікті үйреткісі келеді.
Бір анығы, АҚШ-тың Иранға осыған дейін салынып, ядролық келісім аясында кейіннен күшін жойған санкциялары қайта енгізілмейді.