Израильдің премьер-министрі, сионистік режимнің Беньямин Нетаняху, кеше жексенбі күні Парижде Франция президенті Эмануэль Макронмен кездесуінде Ресей мен АҚШ-тың Сүрияның оңтүстігіндегі атысты тоқтату жөніндегі келісімін қабылдамайтынын білдірді деп хабарлады ИРНА ақпарат агенттігі.
Сүрияның оңтүстік-батысындағы атысты тоқтату бітімі өткен аптаның жексенбі күні бекітілген болатын. Ал,Сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаняхудің Парижге келуі франциялық азаматтардың наразылығын тудырып, шеруге шығуына әкеліп соққан.
Сионистік режим әрдайым лаңкестерге қолдау көрсетіп келеді. Олардың бомбылаушы ұшақтары Сүрия әскери күштерінің базаларын бірнеше рет нысанаға алған болатын.