АҚШ пен Оңтүстік Корея бірігіп зымыран сынағын өткізді деп хабарлайды CNN телеарнасы.
CNN арнасының мәліметінше, зымыран Оңтүстік Корея теңіз аумағының шығыс жағалауы тұсында сынақтан өткізілген. Бұл жолғы АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірігіп өткізген зымыран сынағы шілденің 4 күні Солтүстік Кореяның ұшырған баллистикалық зымырандарына жауап ретінде өткізілген.
Бұл жайында Пентагонның баспасөз хатшысы Дана Уайт: «Біз Оңтүстік Кореямен бірігіп зымыран сынағын өткіздік. Бұл біздің зымыран қорғанасымыздың қаншалықты күшті екендігін көрсетті.» - деді.
Естеріңізге сала кетейік шілденің 4 күні Солтүстік Корея тағы бір баллистикалық зымыранын сынақтан өткізген болатын. Зымыран 900 километр ұшып, Жапон теңізінің экономикалық аумағына барып құлаған еді.