Катардың акциялар нарығы жексенбі, 2 шілде күні капиталының біраз бөлігін жоғалтты. Бұған Катар мен төрт араб мемлекетінің арасындағы кикілжің себеп, деп жазды Bloomberg.
RNS агенттігінің мәліметінше, Катардың Qatar Exchange Index қор биржасының индексі 2 шілде күні 2,31%-ға төмендеді. QE All Share Index 2,54%-ға, QE All Share Industrials — 3,36%-ға төмендеді. Акциялар құны мүлде түсіп кеткен QE All Share Consumer Goods & Services, бұл индекстің көрсеткіші 3,97%-ға төмендеп кетті.
Сарапшылардың сөзінше, Катардың акциялар нарығында баға төмендеген жағдайда олардың құнды қағаздарын сатып алудың өзі қауіпті болуы мүмкін.
Айта кетейік, осы жылдың 5 маусымында Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Бахрейн, және Мысыр елдері Катармен дипломатиялық және сауда қарым-қатынасын үзген болатын. Содан кейін Qatar Exchange Index-і 11,9%-ға төмендеген. Араб елдері Катарға «Мұсылман бауырлар», Ливан Қарулы Күштері, «Хезболла» және өзге ұйымдармен қарым қатынансты үзу, «әл-Жазира» телеарнасын тоқтату және Түркияның Катардағы әскери базаларын жабу секілді 13 түрлі талап қойған.
Ал Катардың Сыртқы істер министрі Мухаммед бен Абдуррахман Аль Тани 1 шілде күні араб елдерінің қойған талаптарын жоққа шығарып, бірақ тиісті шарттар бойыншша диалог жүргізуге дайын екендерін мәлімдеген.