Қазақстан премьер-лигасының жалпы нарықтық құны 112 030 000 еуроны құрайды екен. 

Transfermarkt.de деректеріне сәйкес, Қазақстан премьер-лигасындағы 12 команда сапында 323 ойыншы тіркелген болса, оның 103-і шетелдік ойыншылар.

Футболшылардың орташа жасы - 27,5. Жаңартылған деректерде, еліміздің ең қымбат футбол клубтарының тізімін алматылық «Қайрат» (20 680 000 еуро) пен ел чемпиондары «Астана» (17 200 000 еуро) командалары бастап тұр.

Ал премьер-лига УЕФА-ның бес жылдық рейтингінде 15.250 ұпаймен 29-шы орыннан көрінді. Оның жалпы нарықтық құны 112 миллион 30 мың еуроны құрады. Лиганың ең қымбат ойыншысы 3 миллион еуро жалақы алатын сербиялық футболшы Неманья Максимович.

“The Qazaq Times”