АҚШ Қорғаныс күштері Тынық мұхит әскери қолбасшылық бас штабының қолбасшысы, генерал Харри Харристің ескерту жасап, «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымдарының жақтастары болып саналатын жиһатшылар Филиппиннің оңтүстігінде әрекет жасап, Азияны дүрліктіруге әрекет жасамақ деді. Орта Шығыстан оралған жиһадшылар Оңтүстік Шығыс Азияда жаңа ұстанымдармен террорлық әрекеттерге көшуі мүмкін екен. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.
Харрис бұл пікірін сәрсенбі күні Австралияның Стратегиялық саясат институтында сөйлеген сөзінде ортаға салды. Ол сөзінде «Ислам мемлекеті» адамзаттың жауы, олар Ирак пен Сүрияның бүгінгі күйіне тікелей себепкер, сонымен бірге мұсылман елдерінің ыдырауына алып келеді деді.
Филиппин әскерлері әлде қашан елдің оңтүстігіндегі Малави Минданао қаласында және өзге де «Ислам мемлекеті» ұйымымен байланысы бар өңірлерде террорлармен күрес жүргізгелі бір айдан аса уақыт болды. Бүлікшілер Филиппиннің оңтүстігінде Халифат орнатуға тырысып келеді. Индонезия бастап, Малайзия, Йемен және Сауд Арабиясының лаңкестері де соғысқа кіруде. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен Австралия үкіметтері бұған үлкен алаңдаушылық білдіріп отыр.
Харристің айтуынша, Малави оқиғасы Оңтүстік-Шығыс Азия мен Австралияға сақтық дабылын қағып отыр. Олар Орта-Шығыстағы қолданған террорлық шабуыл тәсілдерін Малави Минданао жерінде қайталады. Оның үстіне бұл оқиғаның ауқымдылығы «Ислам мемлекеті» ұйымы мүшелерін күш біріктіруге шабыттандырады.