Ресей Сыртқы істер министрлігі өткен аптаның соңында хабарлама жариялап, белгісіз тікұшақтардың Ауғанстанның шығысындағы ДАИШ ұйымының қарулы тобын тасымалдағанын айтты. Сонымен бірге бұл белгісіз тікұшақтар ДАИШ-тың Ауғанстандағы бөлімшесіне көп мөлшерде қару-жарақ жеткізіп бергені туралы деректерге ие болғанын мәлім етті. Бұл туралы «Парс» ақпарат агенттігі өз сайтында хабарлаған болатын.
Ресей СІМ мәлімдемешісі Мария Захарова Ауғанстанның Нангархар облысындағы Тора-Бора стратегиялық аймағын ДАИШ лаңкестік тобы басып алудан бұрын, осы аймақтан Ресей тарабы иелеген ақпарларды жария етті. Онда Тора-Борадағы лаңкестік күштерді күшейту үшін бір белгісіз тікұшақ 50 адамдық лаңкестер тобын осында тасып әкелген. Сонымен бірге толтыра қару-жарақ, оқ-дәрі тиелген контейнер ДАИШ бекінісіне тағы бір беймәлім тікұшақпен жеткізілген.
Ресей СІМ мәлімдемеші сөзінде бұл белгісіз тікұшақтар үшін АҚШ билігі жауап беруі керек деп ескертті.