Егерде «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының көсемі Абу-Бакр әль-Бағдади шыныменде өлген болса, онда оның орынына Саддам Хусейн әскерінде офицерлік қызмет атқарған екі адамның бірі ұйымға басшы болуы мүмкін.
Өткен аптада Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі РФ әскери әуе күштерінің Сүрия аумағында «Ислам мемлекеті» содырларын бомбылауы кезінде ұйым басшысы Абу-Бакр әль-Бағдади көз жұмды деген болатын. Егерде бұл ақпарат рас болатын болса, онда оның орынына Ийяда әль-Обейди немесе Айяда әль-Жумейли келуі мүмкін.
Reutres ақпарат агенттігінің мәліметінше, Абу-Бакр әль-Бағдадидің жақтастары Ийяда әль-Обейди мен Айяда әль-Жумейли Иракты Саддам Хусейн басқарып тұрғанда офицерлік қызмет атқарған.
Қазіргі таңда 50 жастағы Ийяда әль-Обейди «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының әскер министрі. Ал 40 жастағы Айяда әль-Жумейли Амния тобының қауіпсіздік қызметін басқарады.
Ийяда әль-Обейди мен Айяда әль-Жумейли 2003 жылы Ирактағы сәләфиттік көтерілісшілер қозғалысының қатарына кірген.